Ұлт жоспары «100 нақты қадам» институционалдық реформа бойынша Қызылорда облысының әкімдігінде семинар-оқу өткізілді.
100 нақты қадамның әрбірі бойынша сала мамандары түсінік беріп, алда тұрған міндеттер мен мақсаттарды баяндады.
Ең көлемді өзгерістерді қамтитын – «Индустрияландыру және экономикалық өсім» тарауындағы кедендік және салықтық жүйені реформалау бойынша Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары баяндама жасады.
Департамент басшысының орынбасары Әбдірахманов Қайыргелді Ибрагимұлы 37, 38, 39 және 40 қадамдарды қамтитын «Кеден амалдарын оңтайландыру», ««Бір терезе» қаңғидатын енгізу», «Кеден және салық жүйелерін біріктіру», «Кедендік тазартудың «постфактум» ережесін енгізу» шараларын талдады.
Бірқатар жобалар жаңғырту мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қарауынан өтуде, олардың жүзеге асырылуы Ұлттық экономика минстрлігіне жүктелген. Жаңа жобалардың барлығы құжаттар санын, оларды өңдеуге кететін уақыттың және кәсіпкер тұлғалардың шығынын азайтуға бағытталған. Түптеп келгенде, бизнеске қолайлы жағдай жасауды көздейді.
42, 43, 44 және 45 қадамдар бойынша талдау жасаған Департамент басшысының орынбасары Қалдарбеков Мұса Оспанұлы «Жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуі», «Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталықтар желісін құру», «Жанама салықтар тетіктерін жетілдіру», «Қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыру» мәселелерін кеңінен қамтыды.
Бұл құжаттар мен шарттар, бүгінгі күнде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылған жұмысшы тобының қарауында. Әр саланың мамандары тартылған топ жұмысын үйлестіруші – Ұлттық экономика министрлігі.
Алды 2017 жылдан бастап қолданысқа ене бастайтын бұл бағдарламалардың түпкі мақсаты – көлеңкелі экономиканы төмендету, бюджет кірісін молайту, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту.