Үстіміздегі жылдың 20 маусымынан бастап, Облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХХ1 дәстүрлі мемлекеттік қызметкерлер және ведомстволар қызметкерлері арасында спартакиада басталды.
9 спорт түрін қамтитын бұл дәстүрлі жарыстарға 20 команда қатарында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысуда. Соның ішінде екі спорт түрінен жеңіске жетіп үлгерді.
Пневматикалық винтовкадан атудан Экономикалық тергеу қызметінің офицері Найзабеков Абзал, кеден саласының қызметкерлері Бержанов Темірхан мен Айтхожаева Шолпанның командасы ең жоғары 64 балл жинап, 1 орынды жеңіп алды.
Үстел теннисінен Жаденов Мұрат, Тян Владимир және Шолпан Айтхожаеваның тобы барлық қарсыластарын айрықша басымдылықпен ұтып, турнир қорытындысымен 1 орынға шықты.
Мұнан басқа, қызметкерлер арқан тартудан, шахматтан және тоғызқұмалақтан жарыстарды қорытындылады.