Жарияланған күні: 05.09.2016 17:11
Өзгертілген күні: 05.09.2016 17:13

Сыртқы экономикалық қызметке

қатысушылардың назарына!

 

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызмет ету аясындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына.

«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылдың 3 сәуіріндегі №257 Бұйрығының 41 тармағына сәйкес, кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомалары төленген күннен бастап бес жыл өткеннен кейін жеке шоттардан есептен шығарылады.

Ал, осындай сомаларды есептен шығару тәртібі осы Бұйрықтың 42 тармағымен бекітілген.

Жоғарыда аталғандарға орай және кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомаларының төленген күннен бастап бес жыл өткендігін анықтау мақсатында департаментің қызмет ету аясындағы барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды департаментпен кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актілерін жүргізуді сұрайды.

Толық ақпаратты 23-88-10 телефоны арқылы алуға болады.

 

Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы