Жарияланған күні: 30.03.2017 14:57
Өзгертілген күні: 30.03.2017 14:58

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 5-тармағына сәйкес, кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлды төлеуге арналған  төлем құжаттарында, төлеуші, кеден органы тіркелген жердегі салық органының деректемелерін көрсетеді.

         Кедендік төлемдер, алымдар мен салықтарды және өсімпұлдарды  төлеу кезіндегі қателіктердің алдын алу мақсатында, Қызылорда облысы бойынша рәсімделетін тауарларға арналған тауар декларациялары үшін төленетін төлем құжаттарында көрсетілуге тиісті реквизиттерді назарларыңызға жеткізеді:

 

Бенефициар: Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Банк Бенефициары: «ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитеті» ММ

БСН: 090440021657

ИИК: KZ24070105KSN0000000 

БИК: KKMFKZ2A          

КНП: Негізгі төлем бойынша 911

Өсімпұл бойынша           912

Қосылған құн салығының төлеу мерзімін  кейінге қалдыру бойынша  917

 

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Есеп және дербес шоттар жүргізу бөлімі

238810