Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болып қабылдануына байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы Хаттамаға қол қойылды, сонымен қатар ілеспе құжаттарды растау рәсімін жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының өз-ара іс-қимыл Регламенті бекітілген.
Бүгінгі күні ҚР Ұлттық Экономика министрлігімен төмендетілген кедендік баж ставкасы қолданылатын тауарлар Тізбесі (1347 түрінен) жасақталды. Аталған Тізбе kgd.gov.kz. сайтында орналастырылған.
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды шығарған кезде салық төлеуші тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтінішті, мемлекеттік кірістер органдарына табыс етеді, сонымен қатар:
1)Үшінші елдерден осыған дейін импорталған тауарларға – тауарларға декларацияның көшірмесі;
2) ЕАЭО елдерінен осыған дейін импортталған тауарларға – әкелу туралы өтінішін және ҚР салық заңнамасымен белгіленген 328.00-нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш; 3) Қазақстан Республикасында өндірілген тауар өндірушілеріне –ТС-1 нысаны (Ұлттық кәсіпкерлер Палатысымен берілетін тауарлардың шығарылған жері туралы сертификаты болу қажет.
Осыған орай, Тізбеге енгізілген тауарларды барлық ЕАЭО аумағына тасымалдау барысында жүк тасымалдаушыларына да қатысты екендігін ескертеміз және жүк тасымалдаушылардың қолында мемлекеттік кірістер органында расталған тиісті құжаттардың көшірмесі болуы тиіс.
Осыған сәйкес заңнамалардың талаптарын орындалуын бақылау мақсатында мемлекеттік кірістер органдары бойынша мобильды топтар құрылды.
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті