Жарияланған күні: 24.02.2016 16:03
Өзгертілген күні: 24.02.2016 17:25

       

        Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде өткен кезекті техникалық оқу  «Корпоративті табыс салығы бойынша өзгерістер мен толықтыруларды» талқылауға арналды.

        Арнайы жоспармен бекітіліп, апта сайын өткізіліп тұратын бұл оқулардың мақсаты –  заңнамалық  жаңалықтармен таныстырып отыру арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл – кәсіби біліктілікті шыңдаудың бір әдісі.

        Жыл басынан бері бірнеше сағат «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі туралы» жаңа Заңдарымен танысу сабақтары өтті. Мемлекеттік органға  қызметке қабылдауда, қызметшілердің қызметін бағалауда, және қызметтен тыс уақытта да қызметшіге қойылатын жаңа талаптар туралы тыңдаушыларға жетімді мәлімет берілді.