
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған қайырымдылық іс-шаралар аясында «№ 6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернатына» барып, балалардың пайдалануына компьютерлер табыс етті. Бұған дейін Түркия, Франция елдерінде ұйымдастырылған Жұлдызай фестивалінің, Біз - өмірдің гүліміз халықаралық фестивалінің, «Дельфийлік ойындар» фестивалінің жеңімпаздары патриоттық жанрдағы қимыл іс-әрекет (жестовый) концертін қойды. Концерт соңында мерекелік құттықтау сөзбен мектеп-интернат директоры Қуаныш Изатуллаев сөз сөйлеп, өөз тарапынан департамент басшысы Серік Мұстафаевқа, департамент қызметкерлері Әли Майхиевке, Бақыт Ордановаға арнайы алғыс хаттар табыс етті. Бұл интернат 2002 жылы құрылған.. Сурдоаударымның техникасын игеруге маманданған.
Департаменттің түсіндіру жұмыстары
басқармасының бас маманы
Светлана Жәнібекқызы Қазбекова