
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған турнир
Қызылордада жалауын көтерді
Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған құқық қорғау органдарының, арнайы және күш құрылымдары қызметкерлерінің арасындағы шағын футболдан республикалық турнир жалауын көтерді.
20-23 сәуір күндері «Динамо» спорт кешенінде ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер Министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, барлығы 9 команда турнир кубогын сарапқа салады.
Турнирдің салтанатты ашылуына аталған құрылымдардың облыстық Департаменттері мен басқармаларының басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің командасы, алғашқы айналымда, Бас прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командаларымен тартысты ойын өткізіп, жеңіске жетті.
Жарыс 23 сәуірге дейін жалғасады.
Қызылорда облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыс басқармасы