Жарияланған күні: 07.06.2016 09:37
Өзгертілген күні: 07.06.2016 09:40

       

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында веложарыс ұйымдастырды.

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, салауатты өмір салтын ұстану қағидасымен өткізілген бұл шараға 87 мемлекеттік қызметші қатысқан болатын.

         Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің бас маманы Қасымбеков Тимур осы жарыста жүлделі үшінші орынды иеленді.

         Салық және қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу басқармасының бас маманы - аса маңызды істер жөніндегі  аға офицер, ҚР Қаржы полициясы академиясының түлегі Тимур Департаменттің футбол командасының мықты ойыншыларының бірі болатын. Енді ол өзінің велошабандоз екенін дәлелдеді. «Жігітке жеті өнер де аз» деген осы болар. Жарайсың, Тимур!

 

 

Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыстары басқармасы