
Жалған кәсіпкерлердің контрагенттеріне жолданған хабарламалардың орындалуы туралы
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында 18 жалған кәсіпкерлікпен айналысқан салық төлеушілердің мәліметтері жарияланды. Қызылорда облысының 18 жалған кәсіпкері мен басқа облыстардың 28 жалған кәсіпкері бойынша автоматты түрде 2 393,1 млн. теңге айналымға 499 хабарлама қалыптастырылып контрагенттеріне жолданды. Оның ішінде:
• ҚҚС 262,5 млн.теңге 16 хабарлама бойынша жалған кәсіпкерлік белгісі бар мекемелерге байланысты (11,0%) қалыптастырылған (ҚР ҚК 215 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған).
• ҚҚС 34,7 млн.теңге 9 хабарлама бойынша банкроттық іс жүріп жатыр (1,5%).
• ҚҚС 265,4 млн.теңге 109 хабарлама (11,0%) орындалмаған (ҚР Салық кодексінің талаптарына сәйкес барлық шара қолданылған).
• ҚҚС 1 238,9 млн.теңге 72 хабарламаның (51,7%) орындау мерзімі келмеген.
2016 жылы бюджетке 304,7 млн.теңге өндірілді (оның ішінде ҚҚС – 155,8 млн. теңге, КТС – 148,9 млн.теңге), нақты ақшалай 216,8 млн.теңге (оның ішінде ҚҚС – 96,4 млн. теңге, КТС – 120,4 млн.теңге).
Қызылорда облысы бойынша МКД
Камералдық бақылау басқармасы