Жарияланған күні: 25.12.2019 17:11
Өзгертілген күні: 25.12.2019 17:18

            Қызылорда облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен, бар салық берешегін өз еркімен өтеуін сұрайды, бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

                 Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе келесі сілтеме https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web бойынша өтіп біле алатынын еске саламыз.

               Сонымен қатар, жеке тұлға салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару арқылы жүргізілетін салықтық рақымшылық туралы Жеке тұлғалардың назарына жеткіземіз. Айыппұлдар негізгі салық қарызын төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде автоматты түрде есептен шығарылады.

              Өткізілетін салықтық рақымшылық жасау мерзімі 31.12.2019 жылы аяқталады.

             Жеке тұлғалардың салық бойынша берешегіне қатысты барлық сұрақтар бойынша  Қызылорда облысы бойынша  МКД Өндірістік емес төлемдер басқармасына  23-88-30  хабарласа  алады.

 

Қызылорда облысы бойынша МКД