Жарияланған күні: 30.06.2016 12:53
Өзгертілген күні: 30.06.2016 12:54

Жаттығу шарасы өткізілді

Қызылорда облысы бойынша МКД Ішкі қауіпсіздік басқармасы тарапынан, құрылымның 2016 жылға Жұмыс жоспарына сәйкес, сонымен қатар әлемдегі террористік сипаттағы ахуалдың ашынып кету қаупінің алдын алу мақсатында, үстіміздегі жылдың 24 маусымы күні «Жаттығудағы бұзушылық» кезекті оқу жаттығулары жүргізілді.

Департаменттің кезекші қызметінің күндізгі жұмыс уақытындағы сергектік шараларын сақтауын тексеруге бағытталған жаттығу кезінде кезекшілік қызметі тиісті деңгейдегі дайындық нәтижелерін көрсете алмады. Осыған байланысты қызметтік тексеру жүргізілуде.

 Бұл - жыл басынан бері Ішкі қауіпсіздік басқармасы тарапынан өткізіліп отырған екінші жаттығу.