
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭШФ жазып беру бойынша міндеттеме - салық кодексінің 412-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғаларда және қосылған құн салығын төлеуші ретінде тұрған, сондай-ақ Тізбеге енгізілген импортталған тауарларды немесе тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеуші болып табылмайтын тұлғаларда туындайды.
Сонымен қатар, егер салық кодексінің 412-бабының 13-тармағында көрсетілген шарттар сақталса, өнім беруші сатып алушыларға тауарды өткізу кезінде, атап айтқанда қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен төленген сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін БКМ чегін беру кезінде шот-фактура жазбауға құқылы. Бұл ретте, жеке тұлғаларға Тізбеде көрсетілген тауарды сату кезінде БКМ чегін бере отырыпнемесе қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаған жағдайда ЭШФ жазып беру бір күн ішінде барлық айналым үшін міндетті.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ҚҚС төлеуші болып танылуы мүмкін, бірақ Салық кодексінің 412-бабы 13-тармағының 7) тармақшасына сәйкес казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекер кеңсесі қызметі бойынша қызметтер көрсетілген жағдайларда шот-фактура жазып беру талап етілмейді.
ЭШФ жазып беруЕрежесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығымен регламенттелген.
Осы Ереже арқылы:
- ШФ нысаны, жазып беру тәртібі, тіркеу, жіберу, қабылдау, өңдеу, ШФ беру және алу;
- ШФ куәландыру тәртібі;
- Түзетілген және (немесе) қосымша ШФ алуды растау ерекшеліктері;
- ШФ сақтау тәртібі
ЭШФ Салық заңдылығына байланысты жазбаған немесе уақытылы жазбаған жағдайда , ҚР ӘҚБтК-нің 280-1 бабына сәйкес әкімшілік шара көріледі.
- шот-фактураны электронды түрде жазбаған жағдайда Ескерту
- жыл көлемінде қайталанған жағдайда
- кіші бизнес субъектілеріне – 40, орта бизнес субъектілеріне – 100, ірі бизнес субъектілеріне – 150 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынады.
- Шот-фактураны электронды түрде жазудың мерзімін сақтамаған жағдайда Ескерту
- жыл көлемінде қайталанған жағдайда:
- кіші бизнес субъектілеріне – 20, орта бизнес субъектілеріне – 50, ірі бизнес субъектілеріне – 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш көлемінде айппұл салынады
Қызылорда облысы бойынша МКД