Жарияланған күні: 18.12.2019 12:27
Өзгертілген күні: 18.12.2019 12:27

Қызылорда қаласы бойынша кірістер басқармасы,  көлік салығынан берешектерді өндіру мақсатында жергілікті полиция  департаментінің қызметкерлері  және жеке сот орындаушылармен бірлескен рейдтік іс шара жүргізуде.

         Облыс бойынша бюджетке  381,1 млн.теңге   қарызы бар 12515 тұлғаларға салық бұйрығы шығарылып, жеке сот орындаушыларға жолданған.Қазіргі уақытта, жеке сот орындаушылардың түзілген Қаулысы бойынша борышкерлер қарызын төлемеген жағдайда  айыппұл тұрағына  көліктерін  қамау шарасы қолданылуда.