Кредитор, яғни , мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға салықтар және кедендік төлемдер бойынша өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидалары бекітілген. Аталған қағидаға сәйкес, уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер 3 топқа жіктелген.
Уақытша басқарушыны таңдауды әкімші қызметін атқаратын тізілімде тұрған тұлғалар қатарынан жүзеге асырады (тізілім http://kzl.kgd.gov.kz сайтының «Заңды тұлғаларға» - «Оңалту және банкроттық» бөлімінде орналасқан).
Уақытша басқарушыны таңдау кезінде «Оңалту және банкроттық туралы» (одан әрі-Заң) Заңының 9-бабына сәйкес борышкерге үлестес тұлғалар қаралмайды.
Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес уақытша басқарушыны тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған немесе уақытша басқарушыны таңдау тәртібі сақталмаған кезде, уәкілетті органның аумақтық органы үш жұмыс күні ішінде кредиторға уақытша басқарушы ретінде сайланған тұлғаны тағайындаудан уәжді бас тартуды жолдайды.
Уәкілетті органның аумақтық органы осы Қағидалардың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша уақытша басқарушы ретінде сайланған тұлғаны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, кредиторға уәжді бас тартуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде белгіленген тәртіппен уақытша басқарушыны тағайындау үшін өзге тұлғаны сайлау қажет.
Соның негізінде, уәкілетті органның аумақтық органы кредитор таңдаған тұлғаны бұйрық шығару жолымен тағайындайды.
Уақытша басқарушыны тағайындау туралы бұйрықты шығару соттың банкроттық туралы істі қозғау туралы ұйғарымды шығару күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қызылорда облысы бойынша МКД