Жарияланған күні: 25.08.2020 16:14
Өзгертілген күні: 25.08.2020 16:14

Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпанға дейін әкелінген, жүргізу органдары сол жақта орналасқан көлік құралдарын тіркеу ҚР Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағының 1.1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін алым мен 615-бабына сәйкес мемлекеттік баждар төлей отырып жүргізіледі.

         Бұл ретте, Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген көлік құралының меншік иесі оны бастапқы тіркеу туралы шешім қабылдағанға дейін кедендік баждарды, бастапқы тіркеу үшін алымдарды және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері шеңберінде қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін төлем төленбейді.          Дегенмен, меншік иесі оны бастапқы тіркеу немесе ҚР тыс жерлерге шығару туралы шешім қабылдаған жағдайда, төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме пайда болады.