Жарияланған күні: 07.09.2020 12:20
Өзгертілген күні: 07.09.2020 12:20

Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану - бизнестің дағдарыстан шығуының бірден-бір көзі. Бұл рәсім сот шешімі арқылы 3 жыл  мерзімге дейін беріледі.  Берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолданған сәттен, салық төлеушінің барлық банктік есеп шоттарынан және мүліктеріне қойылған шектеулер тоқтатылады. Сонымен қатар, барлық берешек түрлері бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) есептеу тоқтатылады. Салық алдындағы қарызы болған жағдайда, сол қарыз көлемінде кепілге қойылатын мүлік қажет етіледі. Облысымызда бүгінгі күнге қаржылық қиыншылықтарға байланысты 3 салық төлеуші 161,4 млн. теңге қарызын бөліп-бөліп төлеуге мүмкіндік алды. Сондықтан, қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті сақтап қалудың салық төлемгерлеріне бірден-бір тиімді жолы берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану.