Әдейі банкроттық – борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында жасаған әрекеттері болып табылады.
Банкрот деп танылған борышкерлердің қаржы-шаруашылық қызметіне Қызылорда облысы бойынша МКД тарапынан жүргізілген талдау нәтижесінде 22 борышкердің әдейі банкроттыққа жол беру белгілері анықталып, 16 борышкер бойынша қылмыстық іс қозғау жөнінде Экономикалық тергеу департаментіне және 6 борышкер бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде іс құжаттары сотқа жолданды.