
Қазіргі уақытта еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мейрамханада той өткізу шаралары уақытша тоқтап тұрғанымен, осындай той шараларын қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне орай отбасы аясында жақындарымен атап өту жағдайы тоқтаған емес. Алайда, мұндай жиындардың басым бөлігі асаба, әнші, биші және т.б шоу бизнес өкілдерінің қатысуымен өтіп жүргендігі баршамызға мәлім.
Осы орайда, Салық кодексінің 31-бабына сәйкес, салық міндеттемесін орындау әрбір салық төлеушінің міндеті екендігін ескерте отырып, өнер адамдарының арасында салық мәдениетін қалыптастыру мақсатында олардың дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер органдарына тіркеліп, бюджет қазынасына салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуді қамтамасыз етуге шақырамыз.