Жарияланған күні: 23.11.2020 17:33
Өзгертілген күні: 23.11.2020 17:33

        "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы"  Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы
20 сәуірдегі № 224 қаулысына өзгеріс енгізілді.

Жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;

жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының;

дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициенті белгіленді.                                            Бұл ережелер салық төлеушілердің міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі – 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңге,  ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептеу (есебіне жазу)  міндеттемелері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге, осы қаулының  2-қосымшасына сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері  міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңге қолданылады.

Осы қаулы 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Талдау және тәуекелдер басқармасы