Date of publication: 13.11.2018 15:35
Date of changing: 13.11.2018 15:52

Деректерді беру функциясы бар Бақылау касса машиналары 

 

          Елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаның орындалуы аясында сандық технологиялар өміріміздің әр салаларына дендеп енуде, себебі заманауи технологияларды пайдалану мемлекеттің экономикасын өрлетудің алғышарты болып саналады. 

           Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті де сандық технологияларға кезең-кезеңмен көшу мақсатында іс-шара бекітіп, оған сәйкес жұмыстар атқаруда. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы субьектілердің сауда нүктелерінде қолданылып жүрген ескі үлгідегі бақылау касса машиналарын сандық бақылау-касса машиналарына ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік қызметтің 10 түрін (құрылыс-материалдарын сатушылар, компьютер және оның қосымша құрылғылары, аудио-бейне техникалар, қонақ үй қызметі, тойханалар, шаштараздар т.б.) жаңа үлгідегі бақылау-касса машиналарына ауыстыру 2018 жылдың қыркүйек айында аяқталды.

Ағымдағы уақытта, яғни 2018 жылдың 1 қазанынан бастап кәсіпкерлік қызметтің қосымша 17 түрін (Автомобильдерді және жеңіл автокөлік құралдарын сату; Автокөлік құралдарына техникалық қызметтер және жөндеу; Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер, құрал-саймандарды көтерме саудада сату; Сусындарды көтерме саудада сату; Фармацевтикалық тауарларды көтерме саудада сату; Тоқыма бұйымдарын сату; Қапсырма бұйымдарын, лак-бояу материалдарын және шыныларды сату; Киімдерді сату; Фармацевтикалық тауарларды бөлшек саудада сату; Сағат және зергерлік әшекейлерді сату; Ломбард қызметі; Жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар бойынша агенттіктердің қызметі; Жарнама агенттіктерінің қызметі) жаңа үлгідегі бақылау-касса машиналарына ауыстыру жүзеге асырылуда.  Көрсетілген қызмет түрлерін көрсетушілер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

Сондай-ақ, қызметін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жоғарыда аталған кәсіпкерлік нысандардың 2018 жыл аяғына дейін жаңа үлгідегі бақылау-касса машиналарын қолдануға шақырады.

Толық ақпараттарды Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің KGD.GOV.KZ ресми сайтынан алуға болады.

               

                                                            Бабасов Ж.,

                                                      Қызылорда облысы бойынша МКД-нің

                                                 бөлім басшысы