Date of publication: 15.04.2022 11:46
Date of changing: 15.04.2022 11:48

Артық төленген салықты қайтарып алу немесе басқа салық түріне есепке алу шаралары толықтай автоматты түрде жүргізіледі.

Салықтық өтінішті ұсыну электронды түрде www.egov.kz «электрондық Үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, сондай-ақ, «e-Salyq Azаmat» мобильді қосымшасы арқылы  жүзеге асырылады.

Артық төленген салықты қайтарып алу немесе басқа салық түріне есепке алу шаралары 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Салық төлеуші артық төленген салықты қайтарып алу немесе басқа салық түріне есепке алуды сұрау кезінде келесі талаптарды ескеруі қажет.

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  № 120-VI   «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің  48 - бабына сәйкес,  талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды.

Осыған байланысты салықтың артық төленген сомасы талап қоюдың ескіру мерзімі өткен жағдайда есепке жатқызылуға және (немесе) қайтарылуға жатпайды, бұл сомаларды алдағы уақыттағы осы салық түрлері бойынша есептеулерге пайдалануға болады.

Сондықтан, салық төлеушілерден қайтарып алу немесе басқа салық түріне есепке алу жөніндегі салықтық өтініштерді талап қоюдың ескіру мерзімін өткізіп алмай  дер кезінде ұсынылуын сұраймыз.