Date of publication: 09.08.2017 18:21
Date of changing: 09.08.2017 18:39

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен, «Салық саласында сыбайлас жемқорлық мақсатында жауапкершіліктен жалтарудың өзекті мәселелері»  тақырыбында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу іс-шарасы ретіндегі дөңгелек үстел отырысы  өткізілді.

           Дөңгелек үстелге Департаменттің басқарма басшылары мен Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы қатысты.                                           

Дөңгелек үстел отырысын Департамент басшысының                                                               орынбасары  міндетін  атқарушы Ә.Бекішев аша отырып, өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен таралуын төмендету,  мемлекеттік қызметшілер арасында және бюджет қаржысының уақытылы түсуіне бақылау жүргізетін салық құрылымдарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу екендігін түсіндірді.

Сондай-ақ, салық саласында сыбайлас жемқорлық мақсатында жауапкершіліктен жалтарудың және оған қарсы бірлесіп күресу  мәселесін қозғау мен салық салу саласында сыбайлас жемқорлық бойынша жауапкершіліктен жалтарудың негізгі факторлары жөнінде ой-пікірлерді ортаға салып талқылау, пікір алмасу екендігіне қысқаша тоқталып өтті.

Соған байланысты салықшы мамандармен дөңгелек үстел отырысын өткізудің маңызы мен мақсаты жөнінде хабарлама жасап, тақырып аясында ой-пікір тастай отырып, талдау-талқылау жүргізу үшін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Бағдат Оразбекұлы Изкеновке сөз берілді.  

Өз сөзінде, күн тәртібіндегі  қаралып отырған тақырыптың мақсаты салықшы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың таралуын азайту мен болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің табысы көлемді болса, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады. 

Сондай-ақ, баяндамашы Салық кодексінің кейбір баптарына сілтеме жасай отырып, әлде де болса салық төлеушілерге түсінікті болуы үшін оңтайландыра түсу керектігі туралы әңгімелей келіп, салық төлеушілерге айыппұл салу немесе ескерту беру, ескіру мерзімдеріне қатысты және жер, мүлік, көлік салықтарын салудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  жайына, сондықтан салық салуда жолданатын хабарламалар мен салық есептіліктерін, т.б салықтар мен міндетті төлемдерді  әкімшілендіру барысында, электронды түрде жолдау немесе электронды тапсыруды жетілдіре түсу керектігіне тоқтала отырып, әрі қарай тақырыпты салықшы қызметкерлермен  ой-пікір алмаса отырып, талдау-талқылау ретінде ашық әңгіме қозғалды.

Одан кейін, күн тәртібіндегі  қаралып отырған тақырып аясындағы ой-пікір алмасулар мен талқылауға, Департамент басшысының                                                               орынбасары  міндетін  атқарушы Әділбек Ерғалиұлы Бекішев, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Бектас Балғабайұлы Нуридинов, Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Гүлжамал Сейтбайқызы Шортанбаева, түсіндіру жұмыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыткүл Тұрмаханқызы Ордановалар қатысып, тақырып төңірегінде өздерінің ой-пікірлері  мен Агенттік өкілі тарапынан айтылға ой-пікірлер төңірегінде келелі әңгіме қозғай келіп, акциздік өнімдерге қатысты лицензиялық алымдар алу және оған салынатын айыппұл мөлшері жайлы, қазіргі уақытта салық төлемгерлеріне көптеген жеңілдіктер қарастырылғанын,  алайда осы жеңілдіктер аясында көптеген салық төлеушілердің көлеңкеге кетіп, атқарылған жұмыс көлемін төмендетіп, одан тиісті салық төлеулерден жалтарып отырғандарын, сондықтан мемлекет мүддесі пен халық мүддесіне сай заңдылықтар араларын теңестіру керек екеніне, сондай-ақ, жұртшылықпен жұмыс істеудің рычагтарын қарау керектігі, себебі заңдылықтарды түсіндіру барысында халықты жинау қиын екендігіне және оған әрдайым белгілі заңдылықтарға қажеттілігі бар топтардың ғана қатысатындығы, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің де еңбек ақылары мен әлеуметтік жағдайларын көтеру жағын ойластыру керектігіне тоқталды.