Date of publication: 09.07.2018 11:31
Date of changing: 09.07.2018 15:41

        Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік  кірістер департаментінің жеке құрамы Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы құрметіне салтанатты сап түзеді.

        Салтанатты сап түзеу маршпен басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінді, Мемлекеттік Гимн ойналып, Департамент басшысына рапорт берілді.

         Департамент басшысы Серік Жолдасбекұлы Мұстафаев жеке құрамды құттықтап, Экономикалық тергеу қызметінің еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролін атап өтті. Бірқатар қызметкерлерге жетістіктері үшін Құрмет грамотасын тапсырды.

         Салтанатты шараның қонағы болып ардагерлер келді, салық, кеден және қаржы полициясы ардагерлері Тоқтасын Көбенова, Төлепберген Сералиев және Жаңабай Бекішов құттықтау сөз сөйледі.

         Орталық алаңда, мұнан соң, қызметкерлердің орындауындағы патриоттық әндер шырқалды.

 

Б.Орданова,

Қызылорда облысы бойынша МКД

бас маманы