Date of publication: 20.07.2018 12:08
Date of changing: 20.07.2018 12:08

Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Mемлекеттік кіріс органдары жұмысында басымдықтардың бірі болып сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселесі танылады.

Осы бағытта сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында Орталықтандырылған біріңғай бет есептің (ЦУЛС) ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілді. Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі)  Қазақстан Республикасының  Кодексінің негізінде:

Салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген әлеуметтік төлемдерді толық есептеу және уақтылы төлеу қажеттігі туралы хабарламаны қағаз жеткізгіште (почта) немесе электрондық тәсілмен жібереді. Жіберілген күннен бастап, белгіленген мерзім аралығында салық төлеуші салықтық міндеттемені, сондай-ақ бақылау салық органдарына жүктелген әлеуметтік төлемдерді толық төлемеген жағдайда салық төлеушінің банктік шоттарына инкасса, яғни шығыс операциялары тоқтатылады. Егер салық төлеуші бұл жағдайдада жүктелген әлеуметтік төлемдерді және өсімпұлдарды толық төлемесе, салық төлеушінің мүліктеріне билік етуіне шектеу қойылады.

Бұл жүйе толық автоматтандырылған, яғни мемлекеттік қызметкер мен жеке тұлғаның бетпе-бет жолықпауын қамтамасыз етеді, яғни сыбайлас жемқорлықтың алдын алатыны сөзсіз.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Салық Кодексінің 15-тармағы 24-бабына қосылған 4-ші абзацында көрсетілгендей, жүктелген әлеуметтік төлемдері төленбеген салық төлеушіге банктер тарапынан есептік шот ашылмайды және шет елге шығарда шектеулер қойылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілетін іс-шараларды тиімді ету мақсатында жыл сайын мемлекеттік кіріс органдарында сыбайлас жемқорлыққа көріністерін шектеуге бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ тұрақты түрде сенім телефондары жұмыс істейді.Жоспарланған іс-шараларды іске асыру азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік органдар мен қоғамның белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

         Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Ә.Құлтан,

Қызылорда облысы бойынша МКД бас маманы