Date of publication: 03.08.2018 18:40
Date of changing: 03.08.2018 18:40

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері- кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұласа ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД елдерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  конвенцияларын және басқа да халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

Елбасымыз құқық қорғау органдары қызметін реформалау туралы сөзінде жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың әлі де тиылмай келе жатқанын және онымен күрес жолдарын тиісінше атап көрсетті.

Осыған орай еліміздің құқық қорғау органдары өз жұмыстарын ширата түсіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жұмыстар жандандырылды.

Осы орайда жемқорлықты жоюдың негізгі шарттарының бірі, салықтық қызмет көрсетулер сапасын арттыру, салық төлеушілермен тікелей кездесуді азайтып, салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруға көшіру болып табылады. Бүгінгі таңда, барлық қажетті қорымен қамтамасыз етілген салық төлеушілерге қызмет көрсету орталықтары Қызылорда қаласында және барлық аудандарда қызмет көрсетеді.

Салық есептіліктері мен декларацияларын тапсыру негізінен электронды түрде орындалуда. Облыс салық төлеушілері арнайы СОНО бағдарламасы бойынша салық есептерін өз кабинеттерінен шықпай тапсыра алады. Бұл жүйе, салық органдарындағы кездесетін заң бұзушылықтардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың  алдын алу негізі. Себебі, салық төлеушілерге қызметтер электронды түрде орындалып, салық төлеушілердің салық органы қызметкерлерімен байланысы болмайды. Барлық салық органдарында салық төлеушілерге жағдай жасау мақсатымен арнайы «Терминал»  бөлмелері жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, салық органдары қызметкерлері мен салық төлеушілердің жеке байланысын болдырмау мақсатында салықтық әкімшілендіру мен бақылаудың бірнеше процесстері автоматты тәртіпке көшірілді.

 

Ш.Оспанова

Қызылорда облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаментінің

бас маманы