Date of publication: 07.10.2015 09:23
Date of changing: 07.10.2015 09:23

         Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, ҚР ҚМ Мемлкеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ергожиннің «Мемлекеттік кірістер органындағы орын алған келеңсіз көріністер туралы» арнайы хабарламасына сәйкес жиналыс өткізілді.

     Жиналысты ашқан Департамент басшысы С.Мұстафаев, хабарламада көрсетілген  сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша фактілерді барлық қызметкерлерге хабарлау арқылы теріс әрекеттерге жол бермеу мақсатында жиналыс ұйымдастырылып отырылғандығын жеткізді. Мұнан кейін республика көлеміндегі Мемлекеттік кіріс органдарында орын алған пара алу, лауазымдық  өкілеттіктерді  теріс пайдалану фактілерімен таныстырды. Теріс әрекеттердің барлығы салық саласы бойынша қызметкерлерімен жасалған. Осыдан кейін облыстың кірістер органдары қызметкерлері тарапынан жол берілген бірнеше кемшіліктерге тоқталды.

      Бүгінгі таңда барлық органдардың алдында тек сыбайлас жемқорлықты анықтау, жолын кесу және кінәлілерді жазалау ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, сыбайластықтың пайда болу шарттарын, себептерін анықтау міндеті тұрғандығын айтып өтті.

      Жиналысты қорытындылаған С. Мұстафаев,  арнайы хабарламада көрсетілген фактілер барлық аумақтық басқармаларда арнайы жиналыс жасау арқылы қызметкерлердің назарына жеткізу қажеттігін айта келе, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін жүктелген міндеттерді адал атқаруға, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға шақырды. Барлық қызметкерлердің атсалысуымен ғана жемқорлық құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар өз нәтижесін беретіндігіне тоқтала келіп, қызметкерлердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.