Date of publication: 15.10.2015 18:15
Date of changing: 16.10.2015 15:59

        Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңғы онкүндігінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда қалалық прокуратурасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шараларының маңыздылығы» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді, оған Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 79 қызметкері қатысты.

          Семинар-кеңесті Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрсеитов Нурлан Сайлауұлы ашып, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қашанда күн тәртібінен түскен емес» - деді. Елбасымыздың жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттарының бірі – ол сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын-алу, болдырмау екендігі белгілі. Осы кезекте мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы, іс-әрекеті - шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделуі қажет екендігін айтты. 

         Халыққа сапалы қызмет көрсету және жемқорлыққа жағдай туғызбау мақсатында барлық салық органдарында «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығы», «Салық төлемгерлерінің терминалдары»  қызмет атқаратындығын.  Онда салық төлемгерлерінің келу карточкаларына арналған жәшіктер және арыз-шағым жәшіктері,  журналдар  орналастырылғандығын. 30-18-53 «сенім» телефоны қызмет етуде. Бұл жөнінде жергілікті басылым беттеріне хабарландырулар, телеарнаға «жүгіртпе жол» арқылы хабардар етіліп отырғандығын. Электронды арыз-шағым жәшігі де қызмет ететіндігін. Мекен жайы call_gorkzil@taxkzil.mgd.kz, бұл жөнінде басылымдарға жарияланғандығына тоқталды.

       Мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, «Нұр Отан» ХДП-сы өкілдерінің қатысуымен кездесу, дөңгелек столдар, лекциялар, семинарлар үнемі өткізіледі. Басқарма тарапынан жүйелі жұмыстар ұдайы жүргізіп отыру жоспарланған – дей келе күн тәртібіне сәйкес сөз кезегін қала прокурорының көмекшісі Бақбергенов Рүстембек Өтепбекұлына берді.

 

          Баяндамашы өз кезегінде құқық қорғау органдары сыбайлас жемқорлықпен күрес оның алдын алу бойынша жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын, дегенмен қаламызда жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан шаруашылық субъектілерінде сыбайлас жемқорлықтың қылаң беріп қалатынын айтып бірнеше мысалдармен нақтылады.

       2015 жылдың 06-айында Қызылорда қаласындағы қылмыстық ізге түсу органдарымен аталған санатта барлығы 81 қылмыс анықталса өткен жылдың есепті мерзімімен сыбайлас жемқорлық санатында әшкерленген қылмыстар саны 211,1 пайызға өскен.

 

        Кезекті сөз кезегін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкері Абдраманов Қабланбек Балатайұлы алып, өз баяндамасында семинарға қатысушыларды ҚР Президентінің 2014 жылдың 26 желтоқсанындағы №986 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясы» Жарлығымен (бұдан әрі – Стратегия) таныстырды.

             Баяндамашы: «Стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жан-жақты және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің әзірленуін және жүзеге асырылуын көздеуге, сөйтіп, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ, жекеше секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға тиіс» - деді. Баяндама барысында бейнероликтер көрсетілді.

        Кезекті баяндамашы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Жаденов Мұрат Балтабайұлы ҚР-ның Қаржы министрлігі МКК-нің төрағасы Д. Ерғожинның 12 қыркүйек 2015 жылғы өткізілген бейне селектордағы баяндамасымен таныстырды.

             Семинар-кеңесті қорытындылаған Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Нұрсеитов Нурлан Сайлауұлы қызметкерлерге атқарып жатқан қызметтерінде абырой тілеп, бүгінгі жиынға ат салысқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қызылорда қалалық прокуратурасы қызметкерлеріне алғысын айтты.