Date of publication: 26.10.2015 10:25
Date of changing: 12.11.2015 15:15

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 23 қазанында қала, аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер басқармалары басшыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің жайы және оның алдын алу» тақырыбында мәжіліс өткізілді.

Мәжілісті ашқан Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы М.Қалдарбеков, бүгінгі таңдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесінің маңыздылығына тоқталды. 

          Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы әрекеті жөніндегі салалық Бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тұрақты жұмыстардың жүргізіліп келе жатқандығын,  осы ретте кірістер органдары қызметкерлерінің құқықтық білімі мен мәдениеттілігі деңгейін көтеру өте маңызды екендігін баяндады.

          Баяндама жасаған Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкері  М.Абдыкамалов сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқаралып жатқан іс-шараларға нақты тоқталып, республика көлеміндегі кірістер органындағы орын алған келеңсіз жағдайлар жайлы хабарлама жасады. Осындай әрекеттердің салдарынан Мемлекеттік кірістер органының беделіне нұқсан келетіндігін жеткізді. Осы ретте, басқарма басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында құқықтық оқулар, түсіндірме жұмыстары және тағы да басқа шаралардың атқарылуын күшейтудің қажеттігін атап өтті.

          Өз кезегінде сөз алған адам ресурстары басқармасының басшысы М. Жаденов,  қазіргі уақытта ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының арнаулы web-сайтында орналасқан, «Аумақтар бойынша департаменттер» тарауында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жайлы» (« О противодействий коррупции») тарауының жұмыс жасап тұрғанын  хабарлады. Департаменттің басқармалары мен қала, аудандар бойынша мемлекеттік кірістер органдары тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» өткізіліп жатқан семинар кеңестер мен техникалық оқулар, т.б. іс-шаралар мен материалдарды  осы тарауға орналастыру қажеттігіне тоқталды.

Кеңейтілген мәжілісті қорытындылай келе, Департамент басшысының міндетін атқарушы М.Қалдарбеков, Қазақстан Республикасының Заңдары мен басқа да нормативті-құқықтық  актілердің талаптарын орындау - әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті және оның қатаң түрде сақталуы мен орындалуына Мемлекеттік кірістер органдарының барлық санаттағы қызметкерлері жауапты екендігін ескертті.