Date of publication: 05.11.2015 10:12
Date of changing: 05.11.2015 10:12

04.11.2015 жыл

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 04 қарашасында Департаменттің және Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің  қатысуымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұсынысына сәйкес, жеке құрамға түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Заң бұзушылық және оның салдары» тақырыбында жиналыс өткізілді.

        Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкері  М.Абдыкамалов баяндама жасады.

       Өзбекстан Республикасының аумағында кезекті еңбек демалысында жүрген Қазақстан Республикасының әскери қызметкерінің ұялы телефонынан  Сириядағы қарулы қақтығысқа арналған бейнеролик табылған, оны өзбек құқық қорғау органдары Өзбекстан аумағына кіргізуге тыйым салынған діни-экстремистік сипаттағы материал ретінде бағалаған.

        Ташкент облыстық сотының үкімімен осы мән-жайлар бойынша ол Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 246-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған (экстремизмді сепаратизм мен фундаментализмді насихаттайтын материалдар контрабандасы).

 Өзбекстан сот органдарының Өзбекстан Республикасының ҚК осы бабы бойынша қазақстандық азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту және нақты бас бостандығынан айыру фактілері бұрын да орын алған, бұл азаматтардың өздері үшін де мемлекет үшін де жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Осыған байланысты, барлық қызметкерлерге жеке пайдалануындағы элекронды тасығыштарда осы тектес фото-бейнематериалдарды пайдаланбау және сақтамау тапсырылды.