Date of publication: 10.11.2015 10:30
Date of changing: 10.11.2015 10:38

06.11.2015 ж.

2015 жылдың 6 қарашасында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар және мемлекеттік қызметшілердің этикасы жөнінде» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Аталған іс-шараға Қызылорда облысының прокуратурасы, Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Нұр-Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының өкілдері шақырылды.

   Іс-шараны ашқан Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы М. Қалдарбеков кірістер органдарының тарапынан  сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылып жатқан жұмыстарына тоқтап өтті.

   Дөңгелек үстелге қатысушы құқық қорғау және қоғамдық ұйым өкілдері  Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында осыған дейін де жеке құрамның қатысуымен ауқымды семинар-кеңестер тағы да басқа шаралар өткізіліп келе жатқандығын атап өтіп, оның маңыздылығына, мұндай іс-шаралардың өз кезегінде теріс әрекеттердің алдын алуда оң әсерін тигізетіндігіне тоқталды және  облыс көлеміндегі орын алған нақты деректер алға тартыла отырып, пікірлер алмасылды. Сонымен қатар,  әрбір мемлекеттік қызметкер жалпы танылған қызмет этикасы нормаларын, моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын талаптарды қатаң ұстану қажеттігін атап өтті.