Date of publication: 12.11.2015 15:17
Date of changing: 12.11.2015 15:18

29 сәуір 2015 жыл 

Жағымсыз жемқорлық әрекеттерін болдырмау - басты мақсат

 

          Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде, Департамент және  Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» және «Еңбек тәртібі мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мен Мемлекеттік қызметкерлердің киім кию стилін ұстану туралы» тақырыбында құқықтық оқу өткізілді.      

Іс-шараны Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М. Қалдарбеков ашып, Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу үшін, қызметкерлердің құқықтық хабардарлығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтан сақтану жолы туралы сауаттандыру шараларының жиі қолға алынуын, осы ретте құқықтық білім мен мәдениеттің деңгейін көтеру өте маңызды екенін атап көрсетті.

         Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкері М.Абдыкамалов өз сөзінде, Республика көлеміндегі Кірістер органдарында орын алған фактілерге тоқталып, қызметкерлерді хабардар етті.

          Сондықтан, әрбір басқарма басшылары қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық және басқа да заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеуі мақсатында күнделікті жеке құраммен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс.

          Департаменттің адам ресурстары басқармасының басшысы М. Жаденов өз сөзінде, сыбайлас жемқорлық азаматтардың жеке басының принципшілдігін көрсете алмауынан туындайтын құбылыс екендігіне және  сыбайлас жемқорлық жасаған азаматтар оның зардабы отбасының  жағдайына кері әсер ететінін түсінулері қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, әрбір қызметкер Еңбек тәртібі мен Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы және Мемлекеттік қызметкердің киім кию стилін ұстану қажеттігіне тоқталды.

Іс-шара соңы пікір алмасуларға ұласты.