Электронды шот-фактураның енгізілуі серіктестер арасында өзара қарым-қатынастың ашықтығына бағытталған, яғни адал салықтөлеушінің мүддесі үшін жасалған.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бойынша өзара есепке тек электронды шот-фактурада жазылған сома ғана қабылданады.
Егер жабдықтаушының мекен жайына шот-фактура қағаз нұсқада жолданса, ал сатып алушының шот-фактураны электронды нұсқада жазу міндеттілігі бар болса – алынған тауар немесе көрсетілген қызмет бойынша ҚҚС сомасы есепке алынбайды.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарларды сатқаны және қызмет көрсеткені үшін шот-фактураны электронды нұсқада жазуға, төмендегі салықтөлеушілер, толығымен көшуі тиіс:
▪ Салық кодексінің 367 бабы 1 тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ҚҚС төлеушілер;
▪ Салық кодексінің 416 бабында белгіленген жағдайларда ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын комиссионерлер;
▪ Салық кодексінің 415 бабында белгіленген жағдайларда ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын экспедиторлар;
▪ импорт тауарларын сатушы салықтөлеушілер.
Салықтөлеушінің бір-бірімен электронды шот-фактура алмасуды меңгеруі бірте-бірте барлық құжаталмасудың қағазсыз технологиясына көшуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, құжаттардың бүлінбей, адаспай келіп түсуін, электронды-цифрлы қолтаңбаны пайдалану арқылы құжаталмасудағы құпиялықты, құжаттарды табу мен салыстыру жылдамдығын, кез-келген бухгалтерлік бағдарламаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Қызылорда облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмыстары басқармасы