Date of publication: 07.12.2015 19:07
Date of changing: 07.12.2015 19:08

Қармақшы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында, басқарма қызметкерлері мен Жосалы, Төретам кенттерінің, Ақай ауылы  мен ауылдық округтері салықшы мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау » тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. 

Семинар–кеңесті  басқарма басшысының орынбасары Д.Қосбергенов ашып, өз сөзінде басқарма бойынша ағымдағы жылы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары ретінде,бірнеше іс-шара жоспарлары жасалып, олардың бүгінгі кеңеске қатысып отырған барлық қызметкерлер назарларына үнемі жеткізіліп келе жатқанына тоқталды.

       Кеңесте бөлім басшылары Б.Масаева, О.Алдажаровтар сөз алып, өз сөздерінде мемлекеттік қызметке кіріскен қызметкер заңға сәйкес өзінің лауазымын пайда табу мақсатында қолданбау үшін бірқатар шектеулер қабылдайтындықтарын, өздерінің табысы туралы салық органдарына уақытылы декларация тапсырып  тұруы бақылауда болатындығын, мемлекеттік қызмет саласында сыбайластықтың алдын алу шаралары  ретінде ант берудің де мәні өте зор екендігі туралы айтты .

 

       Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңының  талаптарының бұзылу фактілерін болдырмау, алдын алу  және жою, қатаң бақылауды  қамтамасыз ету, сонымен қатар  салық органдары қызметкерлерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін  қызметкерлердің есіне салды.

Семинар-кеңесті басқарма басшысының орынбасары Д.Қосбергенов қорыта келіп,  әрбір мемлекеттік қызметкерлер мен салықшы мамандардың заңдылықтарды қатаң сақтауы керектігіне және салық төлеушілерге салық  заңдылықтарын жеткізе отырып, әрбір қызметкер Еңбек тәртіптері мен Әдептілік талаптарын сақтауы қажеттілігін айтты.

Кеңес соңында басқарма қызметкерлері мен салықшы мамандардың ұсыныстары тыңдалып, пікірлер алмасылды  және қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.