Date of publication: 07.06.2019 18:44
Date of changing: 07.06.2019 18:46

          Қызылорда облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  азаматтардың есіне  салады.  

            Жаз мезгілінің  жақындауына  байланысты  демалысқа және шетелге шығу науқаны басталады. Осыған орай, Сіз және сіздің жақын адамдарыңызға сапарларыңыздың бұзылмауына, ыңғайсыздықты болдырмау мақсатында өзіңіздің және жақындарыңыздың салық қарыздарының бар болуын немесе болмауын тексеруіңізге кеңес береміз.

             ҚР ҚМ МКК-нің сайтына («Электрондық сервистар» бөлімі - Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер) ЖСН теріп жазсаңыз, тексеру сіздің бірнеше минут уақытын ғана алады. Ол үшін смартфондар, планшеттер және т.б. қолдануға болады.

Төлем кез келген екінші деңгейлі банк, «Қазпочта» АҚ филиалдарында немесе электрондық порталдар (Homebank, Kaspi.kz, терминалдар және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

             Жеке тұлға 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (2019ж.- 2 525 теңге) астам мөлшерде салық берешегін төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда салық органы Хабарлама тапсырылған күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін "Жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын " шығарады және жеке тұлғаға жібереді.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген жеке тұлғалар Хабарлама мен Салық бұйрығын салық төлеушінің кабинеті электрондық арнаcы арқылы алады.

            Жеке тұлға салық берешегін өтемеген кезде салық органы жеке тұлғаға салық бұйрығы тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мұндай Салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жіберетінін естеріңізге саламыз. 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті