Date of publication: 10.06.2019 16:06
Date of changing: 10.06.2019 16:08

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуін оңтайландыру шеңберінде, «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлері салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiкті беру» (бұдан әрі – «Куәлікті беру») электрондық түрде өтінішті беру және  мемлекеттік қызметті ұсыну бөлігінде «Е-лицензиялау» МДҚ ақпараттық жүйесі  (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖ) пысықталды.

            Халықаралық тасымалдау автомобиль көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлері салынған тауарларды тасымалдауға уақытынан бұрын жеке тәртіпте жiберу үшін оның меншік иесі немесе иесі, не оның уәкілетті өкілі ол тіркелген, не тұрақты тұратын қызмет өңіріндегі кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органына ЕЛ МДБ АЖ арқылы электрондық нысанда тиісті өтінішті жолдайды.

            ЕЛ МДҚ АЖ көлік құралы туралы мәліметтерді алу бөлігінде ІІМ жүйесімен интенграцияланған.

            «Куәлікті беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне сәйкес кеден органы ЕЛ МДҚ АЖ арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ кеден органына өтініш келіп түскен сәттен бастап жұмыс уақытының бір сағатынан кешіктірмей келіп түскен өтінішке тіркеуді жүргізеді, не тіркеуден бас тартады.

            Өтінішті тіркегеннен кейін кеден органы бір сағат ішінде Куәлік бланкісін ұсыну қажеттілігі, сондай-ақ қарап тексеру үшін өтініштің тіркелген нөмірін, орнын, күнін және осындай ұсынудың уақытын көрсете отырып автомобиль көлік құралы туралы ақпартты қамтитын электрондық құжатты қалыптастырады және ЕЛ МДҚ АЖ пайдалана отырып өтінішті жіберген тұлғаға жолдайды.

            Кеден органы автомобиль көлік құралын қарап тексеру нәтижесі бойынша мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ кеден органының өтініш тіркелген күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, Куәлікті беру мүмкіндігі туралы, не оны беруден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

         Анықтама ретінде*

«Куәлікті беру» мемлекеттік қызметті көрсету «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 28-бабында, сондай-ақ «Халықаралық тасымалдау көлiк құралын кедендiк пломбалар мен мөрлер салынған тауарларды тасымалдауға жiберу туралы куәлiктiтің нысандары және оларды беру мен пайдалану тәртібі туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы №676 шешімімен регламенттелген.

 

 

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Түсіндіру жұмыстары басқармасы