Date of publication: 18.01.2016 16:47
Date of changing: 18.01.2016 16:52

         Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы № 416-V санды және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V  санды Заңдарының жаңа редакциясымен танысу мақсатында кеңейтілген құқықтық оқу болып өтті. Құқықтық оқуға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық, кеден, экономикалық тергеу қызметі салаларының қызметкерлері, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қатысты. Іс-шараға интернет желісімен - бейнеселектор арқылы аумақтық  кірістер басқармаларының да қатысуы қамтамасыз етілді.

        Жиналысқа арнайы шақырылған Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің қызметкерлері - Бақытжан Уалиханұлы Нұралы, Қабланбек Балатайұлы Абдрамановтар  аталған Заңдардың редакциясы жайлы ауқымды баяндама жасады.