Date of publication: 25.01.2016 18:21
Date of changing: 26.01.2016 15:46

 image-25-01-16-04-33-2.jpegimage-25-01-16-04-33.jpegDSCN0314.JPG

 

 

 

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінде техникалық оқу ұйымдастырылды. Іс-шарада Республика көлемінде Мемлекеттік кірістер органдарындағы  орын алып жатқан сыбайлас жемқорлық қылмыстары жөнінде Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маман-аға офицері М. Абдикамалов нақты фактілерге тоқтала келіп, мұндай теріс әрекеттерге жол бермеу қажеттігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 санды Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі»  жөнінде адам ресурстары басқармасының басшысы  баяндама жасады. Ол бұл Кодекстің халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғандығын айтып өтті. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары жайлы кеңінен тоқтала келіп,  мемлекеттік кызметшінің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына ерекше назар аударуды сұрады. Мұнда, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиістігі атап көрсетілген. Сөз соңында, аталған Кодекс мәтінімен барлық қызметкерлер қолдары қойыла отырылып таныстырылғандығын жеткізе келе, көрсетілген талаптар мен стандарттарды мемлекеттік қызметшілер ұстана отырып, қатаң сақтаулары тиістігін ескертті және барлық қызметкерлердің жұмыстарына  сәттілік тіледі.

            Осы тақырыптағы техникалық оқу 23 қаңтар күні Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне де өткізілді.