Date of publication: 22.10.2019 12:40
Date of changing: 22.10.2019 12:41

     «Заң бұзушылық болмаса - мемлекет тарапынан  тотальдық бақылау  жоқ» - деген қағидат негізінде, тəуекелдерді басқару жүйесі жетілдірілуде. Бұл ретте, мемлекеттік кірістер органдары  бұзушылықтың  деңгейі жоғары аймақтарға назарды шоғырландыруда және салықтарды ерікті түрде төлеуге қол жеткізуді көздеп отыр.

Өкінішке орай, мемлекеттік сатып алу аясында мемлекет қаржысын игеріп, салық төлеуден қасақана жалтару тыйылмай отыр.

Мәселен,  облысымызда мемлекеттік сатып алу шеңберінде 13,8 млрд. теңге қаржы игерген 18 кәсіпорынның салықтан жалтарғаны салықтық камералдық бақылау арқылы анықталып отыр. Нәтижесімен, 14 салық төлеуші  159,8 млн. теңгеге қосымша салық есептілігін  тапсырып, бюджетке өндірілді. Сондай-ақ, күмәнді, жалған кәсіпкерлік белгілері бар фирмалармен өзара есеп айырысқан 4 кәсіпорынға салықтық тексеру жүргізіліп, 88,1 млн. теңге қосымша есептелінді және мемлекет қоржынына өндірілді.     Әрине бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады және мемлекеттің қаржысы қатаң бақылауда.

Салық төлеуші! Жалған кәсіпорындар арқылы тауарсыз келісім шарттар жасау жолымен мемлекет қаражатын жымқыруға және салық төлеуден жалтаруға жол жоқ! Тәуекелі жоғары, сенімсіз бизнес субъектілері қатарына енбеу өз қолыңызда.

        Қызылорда облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмыстары басқармасы