Date of publication: 28.03.2016 17:42
Date of changing: 28.03.2016 17:45

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: жаңа басымдықтар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті

 

         Ағымдағы жылдың 25 наурызында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық саясат: жаңа басымдықтар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов ашып, кіріспе сөз сөйледі.

       

       Өз кезектерінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева «Мемлекеттік қызметтің жаңа бағыттары» тақырыбында, Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Нұрболат Серікұлы Дүйсенбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында прокурорлық қадағалау» тақырыбында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Мақсұтұлы Ниязов «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың негізгі бағыттары» тақырыбында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Майлыбайқызы Қаржаубаева «Роль международных организаций в противодействии коррупции» тақырыбында, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрайымы Әлима Жақыпқызы Әбдіхалықова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғам рөлі» тақырыбында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Жанат Амандыққызы Исаева «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында баяндамалар жасады.

     

        Іс-шара барысында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Адам ресурстары басқармасының басшысы Мұрат Балтабайұлы Жаденов «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында баяндама жасап, конференцияға қатысушыларды сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты хабардар ете келе, мемлекеттік қызметтің беделін арттырып, көпшілік сенімінің толықтай ақталуын қамтамасыз ету үшін бұл бағыттағы іс-шаралардың жалғасын таба беретіндігін жеткізді.     

         Баяндамалар соңы сұрақ-жауаптар, пікір алмасуларға ұласты.

       Конференцияны  қорытындылаған Университет ректоры Қ.А. Бисенов, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуына тежеу болатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында осындай іс-шаралардың алдағы уақытта да ұйымдастырылатын жеткізе келе,  конференцияны өткізуге атсалысқан баяндамашылар мен қатысушыларға рахмет айтты.