Date of publication: 21.09.2021 13:39
Date of changing: 21.09.2021 13:48

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес пандемия кезеңінде экономиканың көп зардап шеккен салаларына қолдау көрсету мақсатында 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан 2022 жылға дейінгі мерзімге Бөлшек салықтың жаңа арнаулы салық режимі енгізілді.

 Көрсетілген салық режимі бойынша субьектінің салық кезеңі ішінде кірісі 8,0 млрд. теңгеден, ал жалдамалы жұмысшылар саны 250 адамнан аспау керек.

 Бұл ретте, салық төлеушінің кірісі Салық Кодексінде көрсетілген ҚҚС бойынша шектеуден (30 мың АЕК) асып кеткеннің өзінде ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелмейді.

 Бөлшек салық бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына 913.00 үлгідегі СЕН тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15 дейінгі мерзімде табыс етіліп, есептелінген жеке табыс салығы тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25 дейінгі мерзімде бюджетке төленуі тиіс.

 Корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы салық кезеңі ішіндегі кірістің 3 пайызы мөлшерінде есептелінеді, яғни кірісті табуға кеткен шығыстары есепке алынбайды.

 Бөлшек салықты қолданатын салық төлеушілер осы салықтық режимді пайдалану мерзімі аяқталған соң, яғни 1 қаңтар 2023 жылдан бастап Оңайлатылған салық декларациясы негізіндегі АСР немесе басқа да АСР қайта ауысуға құқығы жоқ.