Date of publication: 09.08.2017 17:34
Date of changing: 09.08.2017 17:51

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлескен, «Салық салу саласындағы сыбайлас жемқорлықты жасырудың негізгі факторлары: жосықсыз салық қызметінің немесе салық төлеушінің мінез-құлқы» тақырыбында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында облыстық диалог алаңшасы өткізілді.

           Диалог алаңшасына Департаменттің басқарма, бөлім басшылары мен Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы мен бөлім басшылары және Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қатысты.

Диалог алаңшасы отырысын Департамент басшысының                                                               орынбасары  міндетін  атқарушы Ә.Бекішев аша отырып, өткізіліп отырған іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен таралуын төмендету,

 

әсіресе мемлекеттің қаржысына бақылау жүргізетін құрылымдарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.

Сондай-ақ, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы және бірлесіп күресуге сенімді арттыруы мәселесін қозғау екендігі, сондықтан тақырыбы айтып тұрғандай  салық салу саласындағы сыбайлас жемқорлықты жасырудың негізгі факторлары жөніндегі ой-пікірлерді ортаға салып талқылау, пікір алмасу екендігіне қысқаша тоқталып өтті.

Соған байланысты облыс салықшыларымен диалог алаңшасы отырысын өткізудің маңызы мен мақсаты және тақырып аясында ой-пікір тастай отырып, диалог жүргізу үшін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Мұрат Бектұрғанұлы Ысқақовқа сөз берілді.  

Өз сөзінде, күн тәртібіндегі  қаралып отырған тақырыптың маңыздылығы мен  мазмұны, мақсаты туралы баянама-хабарлама жасай отырып, бүгінгі  негізгі көзделген міндеттің  бірі - жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен  күресу басты орынға қойылып отырғанын, қызметтердің барлық деңгейінде, жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін құру мақсаты қойылып отырғанына, сыбайластыққа қарсы тәрбие мен құқықтық білімдер берудің түп мазмұны - мемлекет пен қоғамға оның қатерін тереңінен пайымдау, парақордың жағымсыз бейнесін қалыптастыру, жемқорлықты түп тамырымен жою болып табылатындығына тоқталды.

Сондай-ақ, мекемелерде өткізілетін қоғамдық қабылдаулар, салық салу саласындағы салықшылардың  міндеттері мен мәселелері, пара алу мен пара беру, мемлекеттік қызмет көрсетулер мен ондағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтері және салық төлеушілермен қарым-қатынастар туралы бірнеше мысалдар келтіріп, тұщымды әңгіме қозғады және әрі қарай тақырыпты салықшы қызметкерлермен  ой-пікір алмасу ретінде аша отырып диалог құрды.

.

Одан кейін, күн тәртібіндегі  қаралып отырған тақырып аясында, баяндама-хабарлама жасау үшін, Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Әбілқасымұлы Қожабергенов пен Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маман-аға офицері Еркін Ерғалиұлы Сматовтарға сөз берілді.

Олар өз баяндама-хабарламаларында, сыбайлас жемқорлықтың қоғам  мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік тұрғысынан құлдырататындығына тоқталып,  одан әрі салық салу саласындағы қызметкерлер жағынан жемқорлық көрінісінің туу негізгі себептері жайлы яғни оның ішінде қазіргі уақытта неғұрлым өзектісі, лауазымды адамдардың мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кездегі халықпен тікелей байланысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сақталып отырғанына, халықтың, оның ішінде мемлекеттік сектор қызметшілерінің өздерінің құқықтық мәдениетінің деңгейі әлі де төмен екендігіне, бұл арам пиғылды қызметкерлерге оны пайдакүнемдік, құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беретіндігіне, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысының және мемлекеттік қызметтегі әлеуметтік кепілдіктердің жеткіліксіз екендігінен туындайтынына тоқталды.          

Облыстық диалог алаңшасы отырысының соңғы жағы пікір алмасу, сұрақ-жауаптар мен ой-пікірлер және ұсыныстар білдіруге ұласып, жақсы диалог алаңы болды.