Date of publication: 08.06.2018 15:12
Date of changing: 08.06.2018 17:52
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыртқы экономикалық қатысушылармен және кеден өкілдерінің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақтың(әрі – ЕАЭО) кеден кодексінің жаңалықтарының бірі, Еуразиялық экономикалық одағының тауарларын ЕАЭО кеден аумағының бір бөлігінен ЕАЭО мүшесіне жатпайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы және (немесе) теңізбен ЕАЭО кеден аумағының басқа бөлігіне тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кеден рәсімін қолдану, аяқтау және тоқтату тақырыбында «дөңгелек үстел» кездесуі болып өтті.
            Басты мақсат - ЕАЭО кеден кодексінің 304 бабына сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктерін түсіндіру.
            ЕАЭО КК-нің 304-бабының 5-тармағына сәйкес Одақтық тауарларды кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруына байланысты кедендік операциялар, келесі жағдайларда көрсетілген тауарлардың жіберушісі орналасқан кеден органының аумағында ғана жасалатыны   жеткізілді, яғни:
<>1.2.3.Одақ тауарларын тасымалдау шарттары ЕАЭО-ның мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарындағы жүк операцияларының орындалуын көздейтіндігі.
            Бір сөзбен айтқанда, Одақ тауарларының ЕАЭО кеден аумағынан кету орындарында орналасқан шекара өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының жиналуын болдырмау мақсатында және кеден органдарының аумағында орналасқан Одақ тауарларын жіберушінің көлік құралдарын қайтаруға байланысты  кеден органдарының лауазымды тұлғаларын айыптауды болдырмау үшін, ЕАЭО кеден кодексінің 304 бабының 5 тармағын сақтау және ЕАЭО кеден аумағынан кету орнында орналасқан кеден органына оларды ұсыну туралы кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес Одақ тауарларының алдын-ала декларациялауға әкелуге бағытталған.
 
 
Ш.Бермағамбетов,
Қызылорда облысы бойынша 
Мемлекеттік кірістер департаментінің

бас маманы