Date of publication: 15.12.2015 10:44
Date of changing: 15.12.2015 10:45

11.12.2015 год

 

DSCN1258       Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департаменттің және Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің  қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы Н.А. Коржовамен 09.12.2015 ж. баяндалған сыбайлас жемқорлық фактілері және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожиннің кеден қызметі бөлімшелеріндегі қалыптасқан жағдай туралы хабарламалары талқыланды және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы берген нұсқауы таныстырылды.

        Жауапты хатшы Н.А. Коржованың баяндамасында Қаржы министрлігі жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюі алаңдатарлық жағдай туғызып отырғандығы айтылған.

        Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінен алынған 9 ай бойынша мәліметтерді талдау жұмыстары, Министрлік Комитеттері қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өскендігін  көрсетіп отыр. Яғни, 9 айда Министрлік жүйесінің 53 қызметкеріне 112 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған, ал өткен жылдың осы кезеңінде 60 қызметкерге қатысты 88 қылмыстық іс қозғалған болатын. Осылайша, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің саны 24 сыбайлас жемқорлық іске  немесе 27 пайызға артқан.

  Әрбір қылмыс ерте ме кеш пе әшкерленеді. Жауапкершілікке тарту шешімдері қатаң болады, жазадан ешкім құтылмайды. Мысалы: 22.10.2015 жылы соттың үкімімен Батыс-Қазақстан облысы бойынша МКД-нің «Ақсай» кедендік бекетінің басшысы 5000 АҚШ доллар көлемінде пара алғаны үшін оған тиесілі мүлкін тәркілеумен, өмір бойы мемлекеттік органдарда қызмет атқаруға құқығынан айырылып, 55,5 млн.теңге айыппұл салу түрінде жазаланған.

         ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожиннің баяндамасында      Қалыптасқан жағдайларды талдау нәтижесі Комитет және Департаменттер басшылығы тараптарынан алдын алу шараларының жүргізіліп жатқандығына қарамастан Кеден қызметі бөлімшелерінде айтарлықтай сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің орын алып жатқандығын көрсетілген. Осы жағдайлар Кірістер органдарының жұмысына едәуір кері әсерін тигізеді, қазіргі кризис жағдайында әлеуметтік мәселеге уақытылы қаржы жұмсаудағы мемлекеттің  қабілетіне және елдегі қоғамдық саяси  тұрақтылыққа  қауіп төндіреді. Сонымен қатар, жалпы Комитет пен Кеден органдарының беделі мен бейнесіне нұқсан келтіреді. Осылайша, жүйелік шешімдер мен әкімшілендіруді жақсарту және қолайлы бизнес ортасын қалыптастырудағы әрекеттерге кері әсерін тигізеді. Осы жағдайларды ескере отырып, Төраға тарапынан бірнеше тапсырмалар берілген.

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың бірі, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау болып табылады.

   Бұл ретте, мереке күндері қарсаңында мемлекеттік орган ғимаратының кіре берісінде лауазымды тұлғаларға арналған көлемді сыйлықтар немесе корзиналар әкеліп топталып тұрған тұлғаларды жиі байқауға болады. Бұл жағдай, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіреді және азаматтарда да, қатардағы қызметкерлерде де теріс, жағымсыз пікір қалыптасады. 

  Осыған байланысты, келе жатқан Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелері қарсаңында, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы заңдылықтардың және мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында, Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларымен жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ, қарамағындағы қызметкерлерден қандай да бір сыйлықтарды қабылдау тәжірибесін болдырмауды, келушілердің тарапынан әкімшілік ғимараттарға кез келген түрдегі сыйлықтарды алып кіруіне Аумақтық бөлімшелердің кезекші бөлімдерімен тыйым салу тапсырылды.

            Жиналысты қорытындылаған Департамент басшысы С.Мұстафаев баяндамаларда аталып өтілген фактілерді болдырмау және берілген нұсқауды мүлтіксіз орындалуын барлық басқарма басшыларына және қызметкерлерге ескерте келе,  Ар-намыс кодексі талаптарының бұзылуына жол бермеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту  және барлық алдын алу шараларын жүргізуді қатаң жолға қоюды тапсырды.