Date of publication: 10.03.2016 15:58
Date of changing: 10.03.2016 15:59

     «Сыбайлас жемқорлық» ұғым, құбылыс  ретінде  капитализм дәуірінде, немесе коммунизм тұсында пайда болды» деп айту қиын әрине, өйткені ол адам баласының саналы өмір кешіп, дамуымен бірге қатар жүріп, дамып келеді. Яғни тамыры тереңде. Адамзат өркениеттенген сайын сыбайластық та дамып, жетіліп, онымен күресу қиындай түсуде. Қазіргі кезде сыбайластық жоғарғы даму сатысында тұр, ол ұйымдасқан қылмыспен қатар көрініс табуда.

    Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауындағы басым бағыттардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресті тұрақты, жүйелі түрде жүргізу. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында  заңдылық  аясында барлық мемлекеттік органдар  жұмыс жасауға міндетті.

    ҚР Президенті саясатының басым бағыттарының бірі – ол сыбайлас жемқорлықпен күресті тұрақты  жүргізу, яғни осы тұста мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы шындық, айқындық, адалдық, ашықтық принциптеріне негізделу қажет. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында  заңдылық  аясында үнемі және жүйелі түрде жұмыс жасауға әрбір мемлекеттік қызметкер, әрбір елі үшін қам жеген азамат та міндетті.

    Осы тұрғыда Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірқатар шаралар ұйымдастырылып, атқарылып келеді. Басқармада «Салық төлемгерлерінің терминалында» «Ақпарат қабылдау және өңдеу орталықтарында» салық төлемгерлерінің келу карточкаларына арналған жәшіктер және арыз-шағым жәшіктері орналастырылған. 23-87-32 «сенім» телефоны қызмет етуде. Бұл жөнінде жергілікті басылым беттеріне хабарландырулар, телеарнаға «жүгіртпе жол» арқылы хабардар етіліп келеді. Электронды арыз-шағым жәшігі де ашылды. Мекен-жайы call_gorkzil@taxkzil.mgd.kz, бұл жөнінде басылым беттеріне хабарландыру берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік, құқық қорғау органдарының «Нұр Отан» ХДП-сы өкілдерінің қатысуымен кездесу, дөңгелек столдар өткізілді. 

     2015 жыл бойына басқарманың «сенім» телефонына 4 арыз-шағымдар түскен.  Олар салық заңдылығы талаптарының бұзылу фактілері жөнінде. Шағымдардың кейбіреулері мазмұны жағынан мемлекеттік кірістер органының қарауына, яғни салық заңдылығы аясына кірмейтін мәселелер бойынша келіп жатады. Алайда, бұндай арыздарды тиісті құзырлы органға қарап, заңға сәйкес мерзімінде жауабын беруге жолданады. Сонымен қатар, арыз-шағым жәшіктерге келіп түскен арыздар да тиісті мерзімінде қаралып, жауап беріледі. Ағымдағы жыл қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында 52 мақала мен хабарландырулар жарияланып,  радио, теледидар арқылы барлығы 65 сұхбат берілді.

      Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жүйелі жұмыстар ұдайы жүргізіп отыру жоспарланған.

                                                                                     

                                                                         C.Ержанова,

                                                               Қызылорда қаласы бойынша

                                                               Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                               бөлім басшысы