Date of publication: 11.03.2016 12:41
Date of changing: 11.03.2016 12:42

 

        Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінде үнемі техникалық оқулар өткізіліп тұрады. Бүгінде, яғни 9 наурыз күні әдеттегідей іс-шара өткізіліп, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 02.03.2016ж. № КГД-15/5612-И санды хатымен келген «Сыйлықтарды қабылдау және беру тәжірибесін болдырмау жайлы» тапсырмасына сәйкес қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жасалды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының (әрі қарай - Заң) 49 бабымен Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптар белгіленген. Осы ретте мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге тиіс. Осы Заңның 50 бабының 1-тармағы 10) тармақшасында атап көрсетілген, ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі, сондай-ақ 17) тармақшасында атап көрсетілген, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып табылады.

            Заңның 44 бабында тәртіптік теріс қылықтар және оған қолданылатын жазалар көрсетілген. Яғни, осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген тәртіптік теріс қылықты жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда - қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдануға, ал 17) тармақшасында көрсетілген тәртіптік теріс қылықты жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.

            Жоғарыдағы талаптар жайлы баяндама жасаған Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маман-аға офицері М.Абдикамалов, адам ресрустары басқармасының басшысы М.Жаденовтер тарапынан барлық қызметкерлерге өздеріне жүктелген міндеттерді атқару кезінде сыйлық беру немесе қабылдау әрекеттерін болдырмай, атап көрсетілген кемшіліктерге жол берілмеу қажеттігі ескертілді.

      Мұнан басқа, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Е.Ерғожиннің төрағалығымен өткен №3-А/С хаттамалық тапсырмасының 5 тармағына сәйкес, әлеуметтік желілерді (Фейсбук, WhatsApp және т.б.) пайдалану барысында Әдеп кодексі талаптарын сақтау, әлеуметтік-саяси сипаттағы бүлдіру, тұрақсыздық тұрғыдағы ақпараттарды электронды тасығыштарда (ұялы телефон, смартфон, айпад және т.б.) жариялауға жол бермеу жөнінде қызметкерлерге жан-жақты түсіндірме жасалды.