Date of publication: 05.08.2016 17:48
Date of changing: 05.08.2016 17:51

«Мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін арттыру, заңдылықтардың мүлтіксіз сақталуы мен заң талаптарын түсіндіру» бағытындағы профилактикалық құқықтық оқу  туралы

 

          Ағымдағы жылдың 3 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент қызметкерлері мен Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері қатыстырыла отырылып «Мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін арттыру, заңдылықтардың мүлтіксіз сақталуы мен заң талаптарын түсіндіру» бағытында профилактикалық құқықтық оқу өткізілді. Құқықтық оқуды Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы М.Жаденов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Ол кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылып жатқан іс-шараларға қысқаша тоқталып өтіп, баяндама жасау үшін сөз кезегін арнайы шақырылған уәкілетті орган өкіліне берді.

      Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Жедел басқару басқармасының  басшысы Имаш Мейірхан  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы» тақырыбында баяндама жасап, республика, облыс көлеміндегі, оның ішінде Мемлекеттік кірістер органдарындағы орын алған заң бұзушылықтар жайлы деректер келтірді. Сонымен қатар, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу фактілері бойынша нақты бейне-роликтер көрсетілді.

   

      Мұнан кейін Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас маман-аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі Бауыржан Серікұлы Бекмұрзаев   Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы атқарылып жатқан жұмыстар мен орын алған бұзушылықтар жайлы баяндама жасады. Сонымен қатар, кейінгі уақытта елімізде орын алып жатқан экстремизмге қатысты оқиғаларға тоқталып, қызметкерлерге одан сақтану шараларын айтып өтті.

       Іс-шара соңы сұрақ-жауаптар, пікір алмасуларға ұласты.

     Құқықтық оқуды қорытындылаған М.Жаденов,  мемлекеттік органдар тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмаларына орай және «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуына тежеу болатын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында, осындай іс-шаралардың алдағы уақытта да ұйымдастырыла  беретініне және осы тектес іс-шаралардың заң бұзушылықтарға жол бермеуге ықпал ететіне сенім білдіре келе,  бүгінгі іс-шараны өткізуге атсалысып, орын алған фактілерді көрсете отырып, мазмұнды баяндама жасаған қонақтарға рахмет айтты.