Date of publication: 24.08.2016 12:36
Date of changing: 09.03.2017 18:21

Сыбайластыққа қарсы тұрайық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының күн тәртібінен қашанда түскен емес.  Өйткені, «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет пен қоғам күштерінің бірігуінің маңыздылығын атаған. Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, демек сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып отырған шаралар мемлекеттік орган мен оның негізгі жұмысының тиімділігін бағалауда маңызды критерий болып табылады. Осылайша, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті сапалы жаңа негізде жүргізуге мүмкіндік беретін кешенді құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып 1998 жылдың шілде айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылдағаны белгілі, бұл заң осы кеселмен күрестің негізгі қағидатын анықтады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытының алғашқы алдын алу тетігін қалыптастырды. Мемлекеттік қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды күшейту үшін мемлекеттік қызметкерлердің этикалық үлгісі заңнама деңгейінде реттелді.

         Адам үшін тек адал еңбек қана барша жетістіктің өлшемі бола алады.     Отанын шын сүйген адам ғана сыбайлас жемқорлыққа бармайды. Өйткені, жемқорлық — отанға опасыздық жасағанмен бірдей.  

            Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайыңдалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жеке меншік құқығына жататын, салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Осы баптың 4-бөлімінде әкімшілік мемлекеттік қызметті тек арнайы тексеруден еткеннен кейін ғана атқаруға болатындығы туралы айтылған. Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік  қызметкерлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу.

             Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз «алаған қолым береген» деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ көптеген мемлекеттерде орнығып қалған. Мемлекетімізде тобасын ұмытып, мейманасы асқандарды тәубесіне түсіре қоятын заңымыз да бар.

          Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

          Мемлекеттің дамуындағы бармақ басты әрекетті әшкерелуді бұрынғы өткен ата-бабаларымыз дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан білеміз. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық саутсыздығын жоятын, құқықты  түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.  

            Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

            Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма бес жыл уақыт өтті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды  міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміздің Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. 

 

                                                                      Қызылорда қаласы бойынша

                                                                        Мемлекеттік кірістер басқармасы