Дата публикации: 13.09.2018 09:30
Дата изменения: 13.09.2018 09:30

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу арқылы сандық технологияны қолдануды арттыруға, сол арқылы жемқорлықтың қадамын қысқартуға үлес қосып келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, ресми интернет көздерінде жарияланымдар жиі орналастырылып, сол арқылы түсіндіру жұмыстары жүріп отырады.

         Қазіргі кезде цифрлық технологияларды кеңінен қолдану арқылы заңсыз өнімді анықтауға болады, бұл әрекетті мемлекеттік кірістер органымен қатар, тұтнушының өзі де жасай алады.

         Мысалы, kgd.gov.kz сайтының электронды сервистер бөлімінде немесе қазақстандық жоба Wipon (Вайпон) мобильді қосымшасының көмегімен сайтқа немесе мобильді қосымшаға есепке алу-бақылау маркасының сканерленген суретін енгізу арқылы кез-келген алкоголь өнімінің заңды немесе көшірме екенін білуге болады.

          Бұл тәсілді белсенді қолданушылар қатары күн сайын көбейіп келеді, жыл басынан бері тұтынушылар өз тарапынан 407 377 бөтелке алкоголь өнімін осындай жолмен тексеріп көрген.

          Департаментпен жүргізілген алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес шаралары нәтижесінде жыл басынан бері 32 423 бөтелке ішімдік пен 351 қорап темекі өнімдері заңсыз айналымнан алынды.

 Мұндай мүмкіндіктер, өз кезегінде, қоғамдық індет – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  және жоюға өз септігін тигізеді деп сенеміз. 

 

Қ.Айтбаев,

Қызылорда облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

 бөлім басшысы