Жарияланған күні: 27.04.2015 19:02
Өзгертілген күні: 14.11.2018 12:48

Акция жалғасуда

         Жалпы республикалық "Түбіртекті талап ет те - жүлде ұтып ал" науқаны жалғасуда. Жалпыреспублика бойынша ұйымдастырылған акция 21 мамырдан бастап, 30 қарашаға дейін жалғасады. Шараның басты мақсаты бюджетке салық түсімін көбейтіп, кәсіпкерлерді адал бәсекелестікке ынталандыру және көлеңкелі бизнеспен күресу.

        Ұтыс тиражы ай сайын өтіп, жеңімпаздар анықталады.  Акцияның қорытынды ойыны желтоқсан айында Астана қаласында өткізіледі. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар қаралған, ал бас жүлдеге темір тұлпар тігілген.  

         Акцияға кез-келген облыс тұрғыны қатыса алады. Тұтынушылар кез-келген дүкенде, көрсетілген қызметке берілген  түбіртегін суретке түсіріп, "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жіберуі керек. Бұл қосымшаны ақысыз көшіріп алып, смартфондардың барлық түрлері мен басқа да гаджеттерде пайдалануға болады. Бір тұтынушы бір күнде бірнеше түбіртек жолдауына болады.

         Сауда нүктелерінен түбіртекті талап ету тұтынушылардың сауда мәдениетімен қатар құқықтарын қорғауға  септігін тигізеді, әрі облысымыздың қазынасына түсетін салық өсіміне ықпалын тигізеді.    

         Облыс тұрғындарын аталынған акцияға белсенді түрде қатысып, ойынның жеңімпазы болуға шақырамыз.

 
                                                                     Ж. Бабасов,

                                                                     Қызылорда облысы МКД-нің  

                                                                     бөлім басшысы